Без рубрики

БРАЗИЛИЯ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫМЕН ҚОШТАСТЫ: НЕЙМАР КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРДІ

Бразилия ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия ұлттық футбол құрамасы командасынан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады.

Тартысты өткен кездесуде норвегиялықтар қосымша уақытта басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Ал матчтан кейін Бразилия құрамасының көшбасшысы Неймар эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

34 жастағы шабуылшы ойын барысында пенальтиден гол соққанымен, бұл оның командасын жеңілістен құтқара алмады. Футболшының матч аяқталғаннан кейінгі көңіл күйі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында кеңінен тарады.

Айта кетейік, Неймар бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионаты өзінің соңғы мундиалы болатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты жанкүйерлер бұл кездесуді әйгілі футболшының әлем чемпионатындағы соңғы ойыны болуы мүмкін деп бағалап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close