Без рубрики
ОРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ
Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында шыққан ірі өртке байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, мұндай шешім өртті жедел оқшаулап, оның салдарын жою жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қабылданған. Төтенше жағдай режимі арнайы күштер мен техниканы жедел жұмылдыруға, сондай-ақ қажетті ресурстарды уақытылы тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта полигондағы өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде.
Билік тұрғындарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып, жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.



