Без рубрики
БҰРЫНҒЫ КҮЙЕУІ ӘЙЕЛІНІҢ ҚҰЛАҒЫН КЕСІП ТАСТАДЫ
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында әйелге аса ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы күйеуі ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сұмдық оқиға 25 шілде күні болған. 51 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оның құлағының бір бөлігін кесіп тастаған. Зардап шеккен әйелдің бұған дейін де осы азамат тарапынан бірнеше рет зорлық-зомбылық пен қорлық көргені айтылуда.
Оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша ауыр дене жарақатын келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін өзге мәліметтердің жария етілмейтінін мәлімдеді.



