Без рубрики

АВСТРАЛИЯДА ҚҰС ТҰМАУЫНАН ЖАБАЙЫ ҚҰСТАР ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Австралияда құс тұмауының таралуына байланысты жабайы құстардың жаппай қырылуы тіркелді.

Ел жағалауынан 50-ге жуық айдарлы қарқылдақтың өлексесі табылса, тағы 35 құстан H5N1 құс тұмауының вирусы анықталған.

Мамандардың мәліметінше, әзірге вирус құс шаруашылықтарында тіркелген жоқ. Дегенмен жағдай тұрақты бақылауға алынып, індеттің таралуына жол бермеу бағытында тиісті шаралар қолға алынуда.

Сарапшылардың айтуынша, санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда H5N1 вирусы адамға жұғуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта бұл штамның адамдар арасында таралу қаупі төмен деп бағаланып отыр, өйткені оның адамнан адамға жұғу қабілеті жоғары емес.

Мамандар тұрғындарды жабайы құстармен байланысқа түспеуге және өлі құстар анықталған жағдайда тиісті қызметтерге хабарлауға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close