Без рубрики
ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ТӘРКІЛЕНГЕН ҚЫМБАТ КӨЛІГІ САУДАҒА ШЫҒАРЫЛДЫ
Алаяқтық ісі бойынша айыпталып, мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген Перизат Қайраттың автокөліктері белсенді түрде сатыла бастады.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңсыз активтерді қайтару аясында кезекті хабарландыруды жария етті. Осы жолы сауда-саттыққа шығарылған кезекті темір тұлпар — 2023 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі 111 KPK 01 құрайтын ақ түсті «Mercedes-Benz EQE 500 4 matic» элиталық автокөлігі. Ресми мәліметтерге сәйкес, аталған электромобильдің бастапқы бағалау құны 26 миллион 269 мың теңге деп белгіленіп отыр. Қазіргі уақытта жауапты мекеме қызметкерлері тәркіленген өзге де мүліктерді заң талаптарына сай өткізу процесін жалғастыруда.



