Без рубрики

САЙРАМДА ӨНІМ ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында пияз өнімін жинау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Биыл аудан көлемінде 900 гектар алқапқа пияз дақылы егілген. Қазіргі таңда шаруалар өнімді жинау науқанына белсенді кіріскен.

Бүгінгі күнге орташа өнімділік гектарына 28 тоннаны құрайды. Осы көрсеткішке сәйкес, жалпы жиналатын өнім көлемі шамамен 25,2 мың тонна болады деп күтілуде.

Жиналған өнім аудан тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіліп, экспортқа шығарылуда. Өнім сапасының жоғары болуы агротехникалық талаптардың сақталуы, суару жұмыстарының уақытылы жүргізілуі және диқандардың мол тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.

Қазіргі таңда егістік алқаптарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Шаруалар пияз жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтап, өнімді тиімді өткізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Диқандардың тынымсыз еңбегінің арқасында ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер артып, ауданның аграрлық әлеуеті нығая түсуде. Пияз жинау науқаны толық аяқталғанға дейін тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда болады.

Жалпы, дайын өнімді жинау науқаны маусым айының ортасынан басталып, шілде айының соңына дейін жалғасады. Сайрамдықтар да осы кезеңде дақылын жинап, өнімді жан-жаққа экспорттайды. Жыл сайын егін егіп, оны жинап алу – диқандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бітік шыққан өнім – төгілген тердің ақталғаны. Жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close