САЙРАМДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев с 2026 жыл «Цифрандыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялап Жарлыққа қол қойды.

. Сонымен қатар, осы бағытты дамытуға тапсырма берді. Қазіргі таңдар еліміздің ірі қалалары мен облыстары, ауыл аймақтар толықтай цифрандыру жүйесіне көшіп жатыр. Кезең- кезеңімен жүзеге асырылып жатқан тапсырмалардың бүгінде нәтижесін байқауға болады.
Президент тапсырмасын орындаудан Түркістан облысы Сайрам ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Олар қазіргі таңда білім беру саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін игеру бағытындағы жұмыстарды қолға алып, оны жүзеге асыруда қарқынды жұмыстар атқарып келеді. Солардың бірі аудан мектептерінде ұйымдастырылды.
Жалпы аудан мектептерінде тұрақты түрде педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі семинарлар мен тәжірибелік кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің заманауи технологияларды меңгеруіне қолдау көрсетіп, жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде жаңа цифрлық шешімдерді қолданудың тиімді тәжірибелері ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Жақында Сайрам ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №48 жалпы орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған арнайы семинар өтті. «Жасанды интеллект құралдарын енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы жиында білім беру үдерісінде қолданылатын жаңа цифрлық платформалар таныстырылып, оларды сабақ барысында пайдалану жолдары көрсетілді. Қатысушылар мәтін әзірлеу, сабақ жоспарын құру, көрнекілік дайындау, бағалау материалдарын жасау, тест тапсырмаларын әзірлеу және оқу материалдарын жүйелеу сияқты жұмыстарда жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысты.
Семинар барысында мұғалімдер жаңа платформаларды тәжірибе жүзінде қолданып көріп, олардың оқу процесін ұйымдастырудағы тиімді тұстарын талқылады. Мұндай технологиялар сабаққа дайындалу уақытын үнемдеп қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Ұстаздардың қағазбасты жұмыстарын да едәуір оңайлатады. Әлеуметтік желмен қатар технологиялардың дамыған заманда жасанды интеллект балаларға сабақ түсіндіруде таптырмас құрал болары анық.
Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастыра алмайды. Керісінше, күнделікті уақыт алатын жұмыстарын жеңілдетіп, мұғалімге шығармашылық ізденіске көбірек мүмкіндік береді. Осылайша ұстаздарда оқушылармен жеке жұмыс жасауға да мүмкіндік мол болмақ. Жасанды интеллект болашақта өскелең қрпақтың жұмысын жеңілдетеді деп күтілуде. Сондықтан оны осыбастан игерудің маңыздылығы зор.



