Қоғам

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Кезекті аралауды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков М.Әбенова көшесіндегі кәріз жүйесінің құрылысынан бастады. «Capital Construction Projects Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба бойынша 1600 метрге темірбетон құбырларын жүргізуді қолға алып, 1200 метрде жұмысты соңына жеткізді. Қазіргі таңда құрылыс 400 метрде жалғасуда. Мердігер қажетті жабдықтардың жеткізілгенін, сапа талаптарының сақталып жатқанын баяндады.

Нұрбол Әбдісаттарұлы техникалық қадағалаушы мекеме өкілінің де есебін тыңдап, нысанның өндірістік кестеден кешікпей тапсырылуы қажеттігін ескертті.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүзеге асуда. Сонымен қатар 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттары республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған.

Мәдениет үйінің құрылысын бақылау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмысшыларды көбейту қажеттігін тағы ескертті. Қабырғасы қаланып біткен екіқабатты ғимараттың ішкі әрлеуіне, шатыр жабу, терезе орнату жұмыстарына бүгінгі таңда 40-тан астам құрылысшы жұмылдырылған.  Аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орынға шақталған мәдениет үйінде демалыс аймағы, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу да қарастырылған.

Шаһар басшысы тиісті сала жетекшілеріне Мәдениет үйінің айналасын абаттандыру бойынша ұсыныс беруді тапсырды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close