Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 ЖАСАР БАЛА ДӘРЕТХАНАҒА ҚҰЛАП, ҚАЗА ТАПТЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Ақсу-Жабағылы ауылында 2 жасар бала ауладағы сыртқы әжетханаға құлап, көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қараусыз қалған бүлдіршін тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы дәретханаға түсіп кеткен.
Оқиға орнына құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция мамандары жедел жеткен. Құтқару жұмыстары барысында баланың денесі шығарылды.
Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мамандар ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, ауладағы қауіп төндіретін орындардың қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.



