Без рубрики
ПАВЕЛ ДУРОВ РЕСЕЙДЕ ТЕРРОРИСТЕР МЕН ЭКСТРЕМИСТЕР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді.

Ресми мәліметке сәйкес, Павел Дуров аталған тізімге 2026 жылғы 30 шілдеде енгізілген.
Бұған дейін кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Оған терроризмге жәрдемдесті деген айып тағылған.
Сондай-ақ Павел Дуров 2024 жылы Францияда құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Тергеу барысында оның платформасында түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алуға жеткілікті шара қолданбағаны жөнінде айыптар айтылған.
Қазіргі уақытта Павел Дуровқа қатысты құқықтық процестер бірнеше елдің құзырлы органдары деңгейінде жалғасып жатыр.



