Білім

ТҮЛКІ, ТАСБАҚА ЖӘНЕ КЕНЕ

Ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Бір күні олар жерден бір уыс тары тауып алыпты. Үшеуі ақылдаса келе тарыны жерге егіп, көбейтіп алып, үшке бөліп аламыз деп шешеді. Түлкі бір жарды көріп:

— Мен осы жарды сүйеп тұрайын, құлап кетер – деп, жарды саялап жатып алады. Тасбақа жерді тырналап, тары егеді. Ал кене піскен егінді жиып алады. Олар көп тары алады. Олар түлкіні шақырады. Түлкі келіп, егінді көріп:

— Тарыны үшеуіміз бөліссек қаншадан тиеді? Аз мөлшерде шығатын шығар. ОДан да үшеуміз жарысып, кім озса егін соған бұйырсын, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келеді. «1,2,3» деп түлкі жүгіре бергенде, кене түлкінің аяғына жабысып кетеді. Түлкі барынша жүгіріп, мәреге бірінші боп жетеді. Сонда кене:

— Әй, мені басып өлтіресің бе?!, – деді.

Түлкі:

— Сен қашан жетіп алғансың? – деп сұрайды.

Кене:

— Сен бағана «1,2,3» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын, – деп жауап береді. Екеуі дауласып жатқанда, ентігіп тасбақа келеді.

Тасбақа:

— Әй түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа маған екі қара бүркіті және тазы иттері бар ат мінген екі адам келді. «Түлкі жолдасыңды тауып бер» деп мені қорқытты. Түлкі, мен сен туралы айтқан жоқпын. Енді олар маған сенбей, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі: «мені айта көрмеңдер»,- деп жалынады. Түлкі:

— Мына тарыны екеуің тең бөліп алыңдар, мен сендерге ризамын. Аңшылар мені сұраса, «білмейміз, қайда кеткенін деңдер», – деп, түлкі қашып кетеді. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі бөліп алыпты.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close