Без рубрики
АЛМАТЫДАҒЫ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТУ ЖОСПАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Алматы әкімдігі қаладағы кептелісті азайту үшін 544 бағдаршамды жаңартатынын мәлімдеді.

Жаңа жүйе көлік қозғалысын онлайн режимде реттеп, көлік ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар, ақылы тұрақтар және интеллектуалды көлік жүйелері енгізіледі. Қазір Алматыда қоғамдық көлікті күн сайын шамамен 1,7 млн адам пайдаланады.



