Без рубрики

КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫНЫҢ ТАНКЕРЛЕРІНЕ ҚАЙТАДАН ДРОНМЕН ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңында мұнай тиеу жұмыстары кезінде екі танкерге дронмен шабуыл жасалды.

Консорциумның мәліметінше, Мәскеу уақыты бойынша сағат 01:48-де «Теңізшевройлдың» мұнайын тиеп жатқан NISSOS SIFNOS танкері шабуылға ұшыраған. Салдарынан кемеде өрт шыққан.

Алайда экипаж мүшелері мен Каспий құбыр консорциумының үш қосалқы кемесінің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілген жоқ.

Бұдан бөлек, терминалдан алты теңіз милі қашықтықта тұрған MARATHI танкеріне де дронмен шабуыл жасалғаны хабарланды.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мен консорциумның шетелдік акционерлері халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасамауға бірнеше рет үндеу жасағанын атап өтті. Алайда бұл шақырулар ескерілмей, танкерлерге жасалған шабуылдар қайта жалғасқан.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close