КОНГОДА ЭБОЛА ІНДЕТІ ӨРШІП ТҰР: ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 1200-ДЕН АСТЫ
Конго Демократиялық Республикасы аумағында Эбола безгегіне шалдыққандар саны 1 203 адамға жетті. Соңғы бір тәуліктің өзінде тағы 48 жаңа жағдай тіркелген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, індеттен көз жұмғандар саны 321 адамға жетіп отыр. Соңғы 24 сағатта 17 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Қазіргі таңда өлім-жітім көрсеткіші 26,6 пайызды құрайды.
Эбола вирусының таралуы 15 мамыр күні елдің шығысындағы Итури провинциясында басталған. Мамандардың айтуынша, індеттің тез таралуына аймақтағы медициналық көмектің жеткіліксіздігі мен халықтың тығыз орналасуы әсер еткен.
Сонымен қатар, қауіпті инфекция көршілес Уганда аумағында да тіркеліп, билік шекаралық бақылауды күшейткен.
Эбола — адам өміріне аса қауіпті вирустық аурулардың бірі. Ол адамнан адамға дене сұйықтықтары арқылы жұғады. Аурудың негізгі белгілері қатарында жоғары температура, әлсіздік, құсу және қан кету симптомдары бар.
Қазіргі уақытта халықаралық медицина ұйымдары індеттің одан әрі таралуын болдырмау үшін аймақта шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.



