Без рубрики

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛІНЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ХАБАРЛАСҚАН ЕР АДАМ 10 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

Жамбыл облысында қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың маусым айында әйел адам полицияға жүгініп, заңды жұбайының тұрғылықты жеріне келіп, бірнеше рет телефон соғып, мазасын алғанын хабарлаған.

Белгілі болғандай, ер адам осы әрекеті арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты өзіне берілген қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот оның кінәсін дәлелденді деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close