Қоғам

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МУЗЕЙІНДЕ 1000-НАН АСТАМ ЭКСПОНАТ ТҮРІ БАР

Кентау қаласының тарихы Ащысай, Байылдыр, Хантағы, Мырғалымсай, Қаратау жотасының пайдалы қазбалар кен орындарын игеру тарихымен тығыз байланысты. Кентау қалалық мұражайы 1977 жылы ашылды.

Қала тұрғындарының көптеген сұраныстары бойынша құрылып, әр қала тұрғыны музей қорына өз үлесін қосты. Әрбір музей экспонаты – бұл қаланың тарихы, оның айбындылығы, даңқы, жасампаз күндерді бейнелейді. Бүгінде музей қорында 8 мыңға жуық экспонат сақталуда. Жеті залда 1000-нан астам экспонат қойылған, пайдалы қазбалардың бай коллекциясы көрсетілген.

Залда Әшірбек Сығай ағамыздың көзі тірісінде өнер жолында пайдаланған жеке бұйымдары, киімдері, еңбек жолындағы жеткен жетістіктері жайлы дипломдары, Алғыс хаттары  фотосуреттері орын алған. Сонымен қатар, майлы бояумен бейнеленген портреттері және өз авторлығымен шыққан бірнеше танымал кітаптары жеке қолжазбалары экспозицияда жүйелі түрде қойылған.

Музейге көбіне мектеп оқушылары, студенттер, ардагерлер және қала қонақтары келеді.

Музей қызметінің негізгі мақсаты — облыстағы жалғыз «Тау-кен ісі музейі» болғандықтан, өлкемізден шыққан барлық қазба байлықтарымыз еліміздің экономикалық өркендеуіне үлесін қосқан және  сол кен орындарынан  табылған қазба байлықтардан тұратын жәдігерлерді музейге  жинақтап,  оны сақтап, тарихынан паш етіп, бұқара халыққа таныстыру,  кеңінен тарату, болашақ ұрпаққа насихаттау.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close