Қоғам
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АТТЫ ҰРАНЫМЕН ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.
2024 жылдың 13 қазан күні Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылындағы футбол алаңшасында «Туған жерге тағзым» атты ұранымен ересектер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Спортшылар арасында нашақорлық, қылмыс және кибербуллингтің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған спорттық іс-шараға Шымкент қаласы, Шардара ауданы, Жетісай қаласы, Ынтымақ а/о, Атамекен а/о, Ералиев а/о жалпы 12 команда қатысты.
Облыстық турнирдің ашылу салтанатына Жетісай аудандық мәслихат депутаты О.Қаныбеков, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі С.Қасымов, Ералиев ауыл округіне қарасты ауыл биі Б.Бекмуратов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей командалар марапатталды:
І орын «Қарабастау командасы»
(Шымкент қаласы);
ІІ орын «Айдос командасы»
(Жетісай қаласы);
ІІІ орын «1991 Үтіртөбе командасы»
(Ералиев а/о);
- Жүлделі орындарға ие болған командалар және жекелей үздік ойыншылар демеушілер есебінен арнайы дайындалған кубок, медаль, диплом, қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарымен марапатталды.