#Жасыл қала

Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?

Шымкент қаласы атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар деген мағына береді. Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») деген сөздер «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді.

1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.

2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close