Без рубрики

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ӘКІМШІЛІК АМНИСТИЯ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия өз мәресіне жетті. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан бұл науқан жаңа Конституция аясында қабылданған алғашқы практикалық шешімдердің бірі болды.

Әкімшілік амнистияның қорытындысы бойынша 681,7 мың азамат әкімшілік жазадан босатылды, 1,3 миллион әкімшілік іс тоқтатылды, сондай-ақ 22,8 миллиард теңге көлеміндегі айыппұл есептен шығарылды.

Амнистия Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 380-нен астам бабын қамтыды. Оның ішінде салық салу, кедендік бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқат, экология, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар да бар.

Бас прокуратураның мәліметінше, амнистияны жүзеге асыру прокуратура органдарының цифрлық дайындығы мен мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының арқасында бір айға жетпейтін мерзімде аяқталған.

Сонымен қатар азаматтардан ешқандай өтініш беру немесе қосымша құжат жинау талап етілген жоқ. Әкімшілік істердің тоқтатылғаны туралы ақпарат азаматтарға SMS-хабарламалар арқылы автоматты түрде жеткізілді.

Бас прокуратураның бағалауынша, бұл бастама азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close