Без рубрики

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ АХУАЛ КҮРТ ШИЕЛЕНІСТІ

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал ушығып, аймақтағы бірнеше елдің қатысуымен жаңа шиеленіс ошақтары пайда болды.

Сауд Арабиясы Ирак пен Йемен аумағынан жасалған шабуылдардан кейін АҚШ-пен бірлесіп Ирактағы нысандарға соққы жасағаны хабарланды. Сарапшылар мұны өңірдегі қақтығыстың жаңа кезеңі ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар, Associated Press агенттігінің мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Кувейттегі Ali Al Salem әскери әуе базасына зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеген.

Сондай-ақ агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Иорданиядағы Әл-Азрақ әскери әуе базасына да баллистикалық зымырандармен шабуыл жасалған. Хабарламада АҚШ-тың бірнеше F-35 жойғыш ұшағы жойылып, тағы бірнешеуі зақымданғаны айтылған.

Ал Ливанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль елдің оңтүстігіндегі бірнеше елді мекенге артиллериялық соққы жасауды жалғастырған. Соның салдарынан тұрғын үйлер өртеніп, инфрақұрылым нысандары бүлінген. Бұдан бөлек, Бейрут маңында ұшқышсыз ұшу аппараттарының байқалғаны хабарланды.

Өңірдегі жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр. Тараптардың ресми мәлімдемелері мен тәуелсіз дереккөздер арқылы ақпарат нақтылануда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close