Без рубрики
ҚАСКЕЛЕҢДЕГІ ҮШЕМНІҢ ӨЛІМІНЕН КЕЙІН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Қаскелеңде дүниеге келген үшемнің қайғылы қазасынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі барлық перинаталдық орталықтарға ауқымды тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес, 15 тамызға дейін босандыру қызметін көрсететін елдегі 69 медициналық ұйымда кешенді тексеріс ұйымдастырылады.
Министрліктің мәліметінше, тексеру барысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуына ерекше назар аударады. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда ана мен нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жан-жақты бағаланатын болады.
Ведомствоның хабарлауынша, тексерудің негізгі мақсаты – босандыру қызметінің сапасын арттыру, инфекциялық қауіптердің алдын алу және ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін күшейту. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған тиісті шаралар қабылданады.



