Без рубрики

АТЫРАУДА 16 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ОТАДАН КЕЙІН 19 КҮН ЖАНСАҚТАУДА ЖАТЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Атырауда 16 жастағы оқушы Жарқын Айжан мұрын қуысындағы кистаға жасалған жоспарлы отаның кейін қайтыс болды. Қыздың жағдайы операциядан соң күрт нашарлап, 19 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Ол 7 қыркүйекте көз жұмды.

Қыздың анасы Мөлдір Сахметованың айтуынша, Жарқын бұған дейін ауыр дертпен ауырмаған. Отбасы жоспарлы ауруханаға жатқызуды шамамен үш ай күткен. Анасының сөзінше, дәрігерлер ота шамамен 20 минутқа созылатынын айтқан.

Ота наркозбен жасалғаннан кейін оқушының жағдайы күрт нашарлаған. Анасы мұрынға салынған тампоннан кейін қызының тыныс алуы қиындағанын айтып, кейін оның жансақтау бөліміне ауыстырылғанын жеткізді. Сондай-ақ ол операция барысында және тампонды алу кезінде екі рет наркоз берілгенін айтты.

Отбасы қызды Астанаға емделуге жіберуді сұраған. Алайда дәрігерлер оның жағдайы ауыр болғандықтан, науқасты тасымалдау мүмкін емес екенін айтқан.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мұндай операциялар жоғары дәлдікті қажет ететінін және асқыну қаупін толық жоққа шығару мүмкін емес екенін мәлімдеді. Науқастың жағдайы нашарлағаннан кейін шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, республикалық деңгейдегі бейінді мамандар консультацияға тартылған.

Қазір оқиғаның мән-жайы, көрсетілген медициналық көмектің уақтылығы мен сапасы және асқынулардың себептері зерттеліп жатыр. Медициналық құжаттар тәуелсіз мамандардың қатысуымен зерделенеді.

Денсаулық сақтау басқармасы тексеру мен сараптама қорытындысы шыққанға дейін оқушының өлім себептері бойынша түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close