Без рубрики
ГРУЗИЯДА ЖАППАЙ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ӨШТІ
Грузияда бүгін түнде елдің бірнеше өңірінде электр энергиясы жаппай өшіп, ірі қалалар жарықсыз қалды.
Электр қуатының үзілуі салдарынан Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Телави, Боржоми және Бакуриани қалаларында тұрғындар уақытша жарықсыз отырды. Оқиғадан шамамен бір сағат өткен соң электр энергиясы кезең-кезеңімен қайта беріле бастады.
Таңертеңге қарай елдегі электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысы толық қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта жаппай жарықтың сөнуіне не себеп болғаны анықталып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын тексеріп, электр желісіндегі ақаудың нақты себебін анықтауда.



