ТОҚАЕВ МИРЗИЁЕВТІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады.

Президент бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық беделінің арта түскенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді реформалардың нәтижесінде көрші елдің тұрақты даму жолында сенімді қадам басып келе жатқанын айтып, Мирзиёевтің осы жетістіктерге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудағы еңбегіне ерекше тоқталды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бауырлас халықтар арасындағы өзара байланысты нығайтуға бейілді екенін жеткізді.



